8.09.2023, 16:00
Оқылды: 18

Қала күні: Оралда жаңа сквер ашылды

Сквер аумағы сегіз га жерді алып жатыр. Ерекше, әдемі безендірілген. Бұл сквер Іскер әйелдер кеңесінің бастамасымен ашылып отыр. Салтанатты жиында қала әкімі сөз сөйледі.

29036B39-9FDC-4B0D-AFD8-872903206D9B

– Бұл сквер қаладағы іскер әйелдердің бастамасымен ашылып отыр. Бұл демалыс орны енді халыққа қызмет етеді. Біз әрқашан Орал қаласын дамыту жолында еңбектенеміз. Бүгін қалада бірнеше әлеуметтік нысан ашылды. Кешке өте жоғары деңгейдегі мерекелік кеш өтеді. Бәріңізді сонда шақырамын, - деді қала әкімі Миржан Мұнайдарұлы.

272C57FC-C840-4D20-B3E8-FFE1A038BC54

Сквердегі ескерткіште әйел адам бейнеленген.

Бұл туралы сквердің ашылуында сөз сөйлеген Ляна Тұрсынова атап өтті.

– Мына әдемі әйелдің бейнесіне қараңыздаршы. Өмірді сүйетін, жарқын әйелдің бейнесі. Бұл іскер әйелдердің идеясымен ашылған сквер, - деді ол.


zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале