Батыс Қазақстан облысында өңірлік бағдарламасы жүзеге асып жатыр.
Көрнекі фото сайт архивінен
- БҚО-да жыл басынан бері 400-ден астам адам қаладан ауылға көшті. Биыл Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік бағдарламалармен қатар «Қаладан ауылға» өңірлік бағдарламасы басталды.
Бұл жоба шекара маңындағы ауылдарды дамытуға және қала тұрғындарының ауылдарға жаппай қоныс аударуын қолдауға бағытталған. Бағдарлама аясында қоныс аудару үшін 57 ауыл белгіленіп, басынан бері 78 отбасы (402 адам) ауылға қоныс аударды, - деді БҚО әкімі Нариман Төреғалиев орталық коммуникациялар алаңында.
БҚО әкімінің баспасөз қызметі