23.03.2021, 18:48
Оқылды: 68

Қалалық чемпионат мәреге жетті

Жуырда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы және Ұлыстың Ұлы күні әз Наурыз мерекесіне орай Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың «Жәңгір хан» спорт кешенінде шағын футболдан мекемелер мен ұйымдар арасындағы қалалық чемпионат басталған болатын.

IMG-20210323-WA0038 (1)

Аталған оқу орыны мен Орал қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі бірлесе ұйымдастырған жарыс бүгін өз мәресіне жетті. Санитарлық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылған қалалық чемпионаттың жабылу салтанатына Жәңгір хан университетінің басқарма төрағасы-ректор Асқар Наметов пен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Артур Шерғалиев қатысып, жарысқа қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтап, жеңімпаз командаларды марапаттады.

ҚР Футбол федерациясының І дәрежелі төрешісі Нариман Талапкеровтің айтуынша, жарысқа Орал қаласы мен Қазталов, Жәнібек, Жаңақала, Теректі, Бөрлі аудандарынан мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдар қызметкерлерінің 14 командасы қатысқан.

IMG-20210323-WA0035

– Бұл чемпионат ақпан айында басталып, бүгін өз мәресіне жетіп отыр. Спорттық іс-шара жоғары деңгейде өтті деп толықтай айта аламын. Жаңадан салынған «Жәңгір хан» спорт кешені де ойыншыларға ұнады. Заманауи үлгімен салынған зал да футболшыларға өте ыңғайлы. Дәл осындай бәсі биік додалар қызметкерлердің бір сәт жұмыстан қол үзіп, ала доп шеберлігіне шыңдай түсетіні анық, – деді бас төреші.

Жарыстың қорытындысы бойынша 1-орынды – Жаңақала ауданының, 2-орынды – Қазталов ауданының командалары жеңіп алса, 3-орын «Топан» мекемесінің командасына бұйырды. Сонымен бірге футбол ойынында үздік нәтиже көрсеткен ойыншылар да марапаттан құр қалмады.

IMG-20210323-WA0033

20210323_183805

IMG-20210323-WA0036

Нұрбек ОРАЗАЕВ,
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале