25.05.2021, 9:29
Оқылды: 40

Қарағанды фармкешенінде қосымша 1,7 млн вакцина өндірілді

Қарағанды фармацевтика кешенінде "Спутник V" вакцинасының қосымша 1,7 млн дозасы өндірілді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

ф1

«Халықты коронавирусқа қарсы вакцинациялау жалғасып жатыр. Бүгінде шамамен 3 млн вакцина дозасы қолданылды. Оның ішінде 1 компонентпен 2 015 053 адам екпе алды. Бұл халықтың екпе алуы тиіс санатының 20 пайызын құрайды. Екінші компонентпен 949 802 адам қамбылды», - деді Алексей Цой.

Оның атап өтуінше, бүгінде екпе салу пункттерінде вакцина дозасы жеткілікті. Атап айтқанда, шамамен 320 мың бірінші компонент, 650 мың екінші компонент бар.

«Бұған қосым, Қарағанды фармацевтика кешені "Спутник V" вакцинасының қосымша 1,7 млн дозасын өндірді және кестеге сәйкес өңірлерге жеткізілетін болады», - деді Денсаулық сақтау министрі.

 

inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале