2.04.2020, 12:51
Оқылды: 44

Карантин жағдайында облыс орталығындағы 427 мекеме қызметін жалғастыра береді

Бүгін Өңірлік коммуникациялық қызметі ұйымдастырған брифингте Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков облыс орталығына кіретін аумақтарда құрылған 9 блокпосттың жұмыс істеу тәртібі бекітілгенін және олардан кімдер, қандай құжатпен өтетінін тағы да нақтылап айтып өтті.

0D7B0D05-B0CE-416E-A52D-9D30C97F5E61
-  31наурыздан бастап облыс аумағында және Орал қаласында карантиндік күшейтілген режим енгізілді. Тұрғындардың жүріс-тұрысына шектеу қойылды. 31 наурыз-1 сәуір аралығында мекеме-кәсіпорын басшыларына қызметкерлерін тиісті анықтамамен қамтамасыз етуге уақыт берілді. Орал қаласы бойынша коронавирус инфекциясына қарсы ұйымдастыру жұмыстары жөнінде қала әкімі мен оның орынбасары облыс халқын тұрақты түрде хабардар етіп келеді. Қазіргі таңда қалалық жедел штабқа 632 мекемеден ұсыныстар түскен. Олардың 427-не қызметін жалғастыруға рұқсат берілсе, 205 мекемеге рұқсат берілген жоқ, - деген А.Шыныбеков қалаға кіретін аумақтарда құрылған блокпосттардан кімдер, қандай құжатпен өтетінін тағы да түсіндіріп өтті.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале