Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы вакцина алғандар санын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін - 9 251 891 адам, екінші компонентін 8 822 430 адам салдырды. Сондай-ақ Pfizer коммпаниясы өндірген вакцинаның бірінші компонентін 577 567 жасөспірім, 27 599 жүкті әйел және бала емізетін 89 378 әйел салдырғаны белгілі болды.