5.10.2022, 9:15
Оқылды: 32

Қазақстанда 70 мыңға жуық ресейлік ЖСН алған

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстанда қанша Ресей азаматы жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

5

"Бүгінде 70 мыңға жуық. 21 қыркүйектен бүгінге дейін 70 мыңға жуық Ресей азаматы ЖСН алды", - деп жауап берді министр.

Бұған дейін Бағдат Мусин елордалық халыққа қызмет көрсету орталығына барып, Қазақстанға келген ресейліктерге қызмет көрсету қандай жағдайда екенін білген болатын.

Сондай-ақ, Ресей азаматтарынан Қазақстан азаматтығын алуға 68 өтініш түскен.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале