9.02.2024, 11:30
Оқылды: 65

Қазақстанда қай мекемелерде маска тағып жүру керек?

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері  Айжан Есмағамбетованың кеше жаңа қаулысы шықты.

Бұл ақпаратты облыстық санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі растады.

2e0aca3c-f02c-4953-957c-f17a06f63616

Фото: istockphoto

- Ауа арқылы жұғатын (қызылша, коронавирустық инфекция Covid-19, тұмау және басқа да жедел респираторлық вирустық инфекциялар) жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Алматы, Астана, Шымкент және барлық облыс, қаладағы денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері қамтамасыз етсін:

1) медициналық ұйымдарда қызметкерлер мен келуші маска тағуы тиіс және антисептик болуы қажет;

2) халыққа COVID-19 коронавирустық инфекциясының алдын алу шаралары, тұмау және ЖРВИ туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу;

2. Алматы, Астана, Шымкент қалалары және облыстардың жергілікті атқарушы органдары, меншік нысанына қарамастан заңды тұлғаларға:

1) халық көп жиналатын орындарда (әуежай, теміржол вокзалы, автовокзал, базар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, театрлар, кинотеатрлар, ХҚКО-лар, банктер және тағы басқасы), көліктің барлық түрінде (қоғамдық көлік, әуе, теміржол) медициналық немесе шүберектен тігілген масканы тағуды ұсыныңыз;

3. Осы қаулының орындалуын өзім қадағалаймын.

4. Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді, - делінген қаулыда.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале