21.12.2022, 18:00
Оқылды: 50

Қазақстанда қандай вирустар айналымда жүр – министр жауабы

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елде таралып жатқан инфекциялар мен вирустар туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1

Фото дереккөзі:Еl.kz

«Қазір біздің елде омикрон вирусы таралып жатыр. Омикронның бірнеше түрі бар. Вирус үнемі түрленіп отырады. Ол да қоршаған ортада тіршілік етеді және қазір оның «цербер» деген түрі де табылды», - деді Ажар Ғиният Мәжіліс кулуарында тілшілерге берген жауабында.

Сондай-ақ, министр анықталған тұмау штамдары туралы да баяндады.

«Тұмаудың бір-біріне ұқсамайтын үш түрі бар, соның ішінде шошқа тұмауы (H1N1) да бізде тіркелген. Оған қоса аденовирус тіркеліп жатыр, қазір вирустың барлық түрі анықталып, инфекция мен суперинфекцияның араласқанын көріп отырмыз – вирустар бірінің үстіне бірі қабаттасып, сырқат өте ауыр жүреді. Қазан айында тұмауға қарсы екпе алдым. Сондай-ақ, коронавирус инфекциясына қарсы ревакцина алдым. Мен өңірлерге барамын, көп адаммен кездесемін және ұшақта өзімді қорғауға тырысамын, барлық жерде маска тағамын», - деп толықтырды Денсаулық сақтау министрі.

Бұған дейін А. Ғиният елдегі эпидахуал шектеу шараларын қажет етпейтінін айтқан еді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале