ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елде таралып жатқан инфекциялар мен вирустар туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Фото дереккөзі:Еl.kz
«Қазір біздің елде омикрон вирусы таралып жатыр. Омикронның бірнеше түрі бар. Вирус үнемі түрленіп отырады. Ол да қоршаған ортада тіршілік етеді және қазір оның «цербер» деген түрі де табылды», - деді Ажар Ғиният Мәжіліс кулуарында тілшілерге берген жауабында.
Сондай-ақ, министр анықталған тұмау штамдары туралы да баяндады.
«Тұмаудың бір-біріне ұқсамайтын үш түрі бар, соның ішінде шошқа тұмауы (H1N1) да бізде тіркелген. Оған қоса аденовирус тіркеліп жатыр, қазір вирустың барлық түрі анықталып, инфекция мен суперинфекцияның араласқанын көріп отырмыз – вирустар бірінің үстіне бірі қабаттасып, сырқат өте ауыр жүреді. Қазан айында тұмауға қарсы екпе алдым. Сондай-ақ, коронавирус инфекциясына қарсы ревакцина алдым. Мен өңірлерге барамын, көп адаммен кездесемін және ұшақта өзімді қорғауға тырысамын, барлық жерде маска тағамын», - деп толықтырды Денсаулық сақтау министрі.
Бұған дейін А. Ғиният елдегі эпидахуал шектеу шараларын қажет етпейтінін айтқан еді.
11:0114.12.2022
Маусымдық вирустар өршіп тұр – Ажар Ғиният
15:4622.11.2022
Коронавирус қайта күшейді, Pfizer вакцинасы халықтың барлық санатына қолжетімді болады – Ажар Ғиният
18:009.11.2022
Елімізде тұмауға ұқсас басқа да вирустар таралып жатыр – министрлік
15:3010.10.2022
Елімізде 655 алғашқы медициналық көмек нысаны салынбақ
14.12.2022, 11:01
22.11.2022, 15:46
9.11.2022, 18:00
10.10.2022, 15:30