12 желтоқсандағы мәлімет бойынша, елімізде «Pfizer» вакцинасымен 182 мыңнан астам адам егілді. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ақпаратында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат сілтеме жасап.
Еске салсақ, Американың «Pfizer» вакцинасымен қазір жасөспірімдер, жүкті әйелдер және бала емізетін аналар егіліп жатыр.
12 желтоқсанға дейін препараттың I дозасын 182 679 адам, ІІ дозасын 15 243 адам салдырды.
Оның ішінде:
І компонентімен>
- жасөспірімдер – 145 975,
- жүкті әйелдер – 10 716,
- бала емізетін әйелдер – 25 988.
ІІ компонентімен:
- жасөспірімдер – 11 202,
- жүкті әйелдер – 1 162,
- бала емізетін әйелдер – 2 879.
Қазақстанда жасөспірімдерді, жүкті әйелдер мен бала емізетін аналарды «Pfizer» вакцинасымен егу биылғы 15 қарашада басталды.