31.03.2021, 18:20
Оқылды: 25

Қазақстандық QazCovid-in вакцинасын сақтау үшін арнайы жағдай талап етілмейді

Қазақстандық QazCovid-in вакцинасын сақтау үшін арнайы жағдай талап етілмейді. Вакцинаны тоңазытқышта +2 градустан +8 °С-қа дейінгі температурада сақтауға және тасымалдауға болады.

ввв

Вакцинаны өндіру мен сақтау үрдістерінің қарапайымдылығы қолданыстағы логистикалық жүйені пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл Қазақстан сияқты кең байтақ аумақты қамтыған мемлекеттер үшін вакцинаны барлық өңірге жеткізуде өте қолайлы. Сондай-ақ QazCovid-in вакцинасымен қуаттылығы жоғары мұздатқыш камералары жоқ шалғай елді мекендерде жұмыс істеуге болады.

Қазақстандық вакцина тасымалдау кезінде өте тиімді. Ал, шетелдік препараттар болса, сақтау мен тасымалдауда төмен температураны қажет етеді.

zhaikpress.kz

Сурет inform.kz сайтынан алынды

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале