10.02.2025, 15:30
Оқылды: 453

Қазақстандықтарға ХҚКО және мамандандырылған ХҚКО арқылы 23 миллион мемлекеттік қызмет көрсетілді  

2024 жылы халыққа қызмет көрсету орталығы мен мамандандырылған ХҚКО арқылы 15 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Сондай-ақ қазақстандықтар 8 миллионнан астам қызметті Сonnection point өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары арқылы алған.

цон спеццон орал

Сурет: сайт архивінен

Айта кетсек, Батыс Қазақстан облысы бойынша ХҚКО арқылы шамамен 486 628 қызмет, МХҚКО арқылы 59 319 мыңға жуық қызмет көрсетілген. Атап өткенде, алғашқы үштікке келесі мемлекеттік қызметтер кірді:

Электрондық сандық қолтаңба беру - 92 225;

Жылжымайтын мүлікті тіркеу- 51 918;

Көлік құралын мемлекеттік тіркеу- 45 391.

«Мемлекеттік корпорация әрдайым тұтынушылардың жайлылығы мен ыңғайлылығына басымдық береді. Біз өз қызметтерімізді қолжетімді және ыңғайлы ету үшін оларды үнемі дамытып, жетілдіріп отырамыз. Біздің мақсатымыз – барлық процестердің ашық әрі қауіпсіз екеніне кепілдік беру арқылы әрбір адамға қызмет алу мүмкіндігін қамтамасыз ету», – деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік Корпорация Басқарма Төрағасының орынбасары Айбат Ілиясов.

Мемлекеттік корпорация азаматтарға қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған инновациялық шешімдерді тұрақты негізде енгізуде. Мәселен, «ХҚКО» мобильді қосымшасының функционалдығы айтарлықтай кеңейтілді. Сонымен қатар, халыққа қызмет көрсету орталықтарында және мамандандырылған ХҚКО-ларда дербес менеджерлер практикасы енгізілді, бұл жеке жұмыс істеудің деңгейін арттырып, қызметтерді алу процесін жақсартады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале