15.02.2024, 9:30
Оқылды: 64

«Қазақстанның құрметті азаматы» атағы 100 мың теңгеге сатылады – депутат

Депутат Аманжол Әлтай елде арзан атаққа алданғандар мен жеңіл жолмен пайда тапқыш, атақ сатқыштар көбейіп бара жатқанын айтып, Үкіметке сауал жолдады. Бұл туралы Ұлттық арна жазды.

IMG_1321

Фото ҚР Парламенті Мәжілісінің телеграм-каналынан алынды

«Сіз 50 мың теңгеге пысықай ұйымның атынан «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері» медаліне, ал 100 мың теңгеге «Қазақстанның құрметті азаматы» атағына ие боласыз. Сан ғасырлық елдік тарихымызда «Ұлт ұстазы» деп халық ұсынған сәулелі сөзді қастерлеп Ахмет Байтұрсынұлына ғана қолданатын едік, қазір «Ұлт ұстазы» деген атақты бар болғаны 10 мың теңгеге сатып ала саласыз», - дейді ол Мәжілістің жалпы отырысында.

Депутат Мемлекеттік рәміздерді ретсіз қолданып, жалған атақ сатып пайда табатындардың әрекетіне құқықтық негізде тыйым салу керектігін айтты.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале