6.01.2026, 10:30
Оқылды: 146

"Қазгидромет" дауылды ескерту жариялады

 

"Қазгидромет" РМК елімізде дауылды ескерту жариялады.

жп кыс орал 2025 (2)

Ескертуде, Қостанай, Ақмола облысы, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Абай, Қарағанды, Ұлытау, ШҚО, Астана, Алматы және Алматы облысы, Ақтөбе, Батыс Қазақстанда қар жауып, боран соғады десе, Маңғыстау, Қызылорда, Жамбыл, Жетісу, Түркістан, Атырау, Шымкент, ШҚО, Абай, Қарағанды, Ұлытау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы және Алматы облысында тұман түседі.

Ал, Қостанай, Ақмола обл, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Абай, ШҚО, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылордада көктайғақ болады.

Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Абай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Астана, Жетісу, ШҚО-да күндіз жылдамдығы 15–20 м/с дейін жел болатыны тураы хабарлады.

06 қаңтарда түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, орталығында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып соғады, түнде облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. Орал қаласында 06 қаңтарда көктайғақ, тұман күтіледі.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале