17.04.2025, 15:30
Оқылды: 448

«Қазсушар» 65 000 тұрғынға су жеткізіп отыр

Әдетте «Қазсушар» мекемесі деген уақытта су арналары мен су қоймалары еске түседі. Сөз жоқ, ауыл шаруашылығын дамытуда бұл кәсіпорынның рөлі зор. Осы ретте «Қазсушар» – халықты ауыз сумен қамтып отырған ірі жүйенің бірі екенін атап кеткен жөн. «Қазсушар» ШЖҚ РМК Батыс Қазақстан филиалы директорының орынбасары Талғат Қажығалиевтің айтуынша, жерасты су көздерінен облыс тұрғындарының 10%-ына су жеткізіліп отыр.

Талғат Қорланұлы (1)

– Бұған дейін филиал меншігінде төрт топтық су құбыры болды. 2024 жылдың 28 қазанында Сырым топтық су құбырын коммуналдық меншікке өткіздік. Сырым ауданындағы құбыр желісі жеті елді мекенді сумен қамтиды. Қазіргі уақытта Камен, Орда және Жаңақала топтық су құбырлары жұмыс істеп тұр. Камен құбыр желісі 1981, Орда құбыр желісі 1997, Жаңақала құбыр желісі 2018 жылы пайдалануға берілді. Барлық топтық су құбырында су өлшегіш аспаптар орнатылған. 2022 жылы облыстық мәслихат шешімімен сараланған тариф жүйесі енгізілді. Егер әр адамға шаққанда су тұтыну көлемі тәулігіне 140 литрден асып кетсе, тұрғындар су ақысын толық төлейді, – деді Талғат  Қорланұлы.

307 шақырым Камен құбыр желісі арқылы 19 елді мекенде тұратын 24 758 адамға су жеткізіледі. Соның арқасында Бәйтерек ауданындағы 15 ауыл тіршілік нәрімен қамтамасыз етілген. Оған қоса Орал қаласына қарасты Круглоозерный, Серебряков, Бортау кенттері мен Құс фабрикасы ауылына су тасымалданады. Камен құбыр желісімен Серебряков су кені қорындағы 21 ұңғыма арқылы су тартылады. Тариф бойынша су құнының бағасы қосымша құн салығын есептегенде, 1 текше метрге 694,9 теңге деп белгіленген. Субсидия нәтижесінде абонемент литріне 90 теңгеден төлейді. Егер кісі басына тәулігіне 140 литрден асып кеткен жағдайда 694,9 теңгені толығымен төлейді.

Облыс бойынша 19 ауылдағы және Орал қаласының Ақжайық шағынауданына су жеткізу мәселесін шешу үшін Камен су құбыры желісін жаңғырту жоспарланған. Реконструкция жобасы үш кезеңге жоспарланған. Бірінші кезеңдегі жоба мемлекеттік сараптамадан өтті. Оның смета құны – 2 496 344 000 теңге. Соның ішінде құрылыс-монтаж жұмысына 1 926 809 000 теңге қарастырылған. Одан кейін екінші кезеңге 6,2 млрд, үшінші кезеңге 5,99 млрд теңге қаражат қажет.

Орда топтық су құбыры  15 258 адамды сумен қамтып отыр. Құбырдың жалпы ұзындығы 200 шақырымнан асады. Бөкей ордасындағы жеті ауыл (Сайқын, Мәмбет, Жәрмеңке,  Әжен, Қарасу, Мұратсай, Бабайсад), Жәнібек ауданындағы төрт ауылға (Жәнібек, Ұзынкөл, Ниетқали, Еңбекші) таза су берілуде. Мұнда да дәл осылай демеуқаржы есебінен  1 литр суға 90 теңгеден төлейді. Егер тәулігіне 140 текше метрден асып кетсе, 694,9 теңге төлеуге тиіс.

2023 жылы Жәнібек ауданының орталығы мен Ұзынкөл, Ниетқали ауылдарына тұрақты түрде су беру үшін «Орда топтық су құбырын қайта құру, V кезең (Мұратсай-Жәнібек су құбыры)» жобасы басталған. ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстары комитетінің тапсырысына сай ұзындығы 52,6 шақырым, диаметрі 315 болатын полиэтилен құбыр салынуы тиіс еді. Жобаның жалпы құны –  1 737 369 теңге. Бас мердігер – «Таир» ЖШС. 2023 жылдың қазан айы мен 2024 жылдың желтоқсан айы аралығында құбырдың 39%-ы жаңғыртылды. Бірақ мердігер жобаны игере алмады. 2023 жылы 192 264 000 теңге бөлінді.

Жаңақала ауданында 400 шақырым топтық су құбыры 17 081 тұрғынға су жеткізеді. Таза ауыз су Жаңақала ауданының 11 ауылына және Казталов ауданының Қарасу ауылына жеткізіледі. Құлшық су қоры аумағынан алты ұңғыма іске қосылған. Қолданыстағы тариф 1 текше метрге 460,77 теңгеден бекітілген. Басқа аудандардағыдай су тұтыну көлемі тәулігіне 140 литрден аспаған жағдайда бір кісіге тариф құны 90 теңгеден деп белгіленген.

– Облыстағы жерасты су қоры азайып жатыр деп қауіптенуге негіз жоқ. Камен су құбыры бойынша су қоры 2044, Орда су құбыры бойынша 2040, Жаңақала су құбыры бойынша 2044 жылға дейін жеткілікті деп бағаланып отыр. Бірінші жүйе бойынша әр 20 жыл сайын, ал қалған екеуіне әр 27 жыл сайын су пайдалану мерзімі ұзартылып  отырады. Бөкей ордасы мен Жаңақала аудандары құмды жер болғаннан кейін тіршілік нәрі табиғи түрде өзімен-өзі  сүзіліп шығады, – деп түсіндірді «Қазсушар» РМК Батыс Қазақстан филиалы директорының орынбасары Талғат Қажығалиев.

Нұртай Текебай,

«Орал өңірі»

 

«Қазсушар» РМК БҚ филиалы топтық су құбырларының жер асты суы қорлары туралы

ақпарат

Аты  

Пайдалануға берілген жылы

 

Су көзі

 

Ұңғыма саны

Жер асты суы қорын бекіту туралы хаттама бойынша ақпарат Нақты орташа жылдық су алу (2024 жылға)

 

 

Бекітілген күні

 

Мерзімі (жыл)

 

Келесі бекіту күні (жылы)

 

Бекітілген қорлар, мың м³/тәу

 

Хаттама нөмірі

Жазғы кезде су жинау, мың м³/тәу Қысқы кезде су жинау, мың м³/тәу
Камен топтық су құбыры 1981 Серебряков жер асты суы кен орны 28 01.04.2024 20 2044 39,0 №2670-24-У от 20.05.2024г. 3,676 2,207
Орда топтық су құбыры 1997  

Ордажер асты суы кен орны

8 01.09.2013 27 2040 6,048 №94 от 14.11.2011г. 0,975 0,613
Жаңақала топтық су құбыры 2018  

Құлшық жер асты суы кен орны

6 01.11. 2017 27 2044 2,16* №1882-17-У от 11.12.2017г. 1,122 0,916

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале