9.12.2022, 10:15
Оқылды: 54

Келесі жылы ҚР ІІМ Алматы академиясы бакалавриат бағдарламасы бойынша 300 курсант қабылдайды

2023 жылы ІІМ Алматы академиясы бакалавриат бағдарламасы бойынша 300 курсант қабылдайды, деп жазады ҚР ішкі істер министрлігінің сайты. 

53bfd8d842e14f4368ca86ce8279521e_1280x720

Сурет: ҚР ішкі істер министрлігінің сайтынан

Бағдарлама түлектері “Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс” және “Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бакалавр” мамандықтары бойынша мемлекеттік үлгідегі диплом алады, оларға жұмысқа орналасуға кепілдік беріледі. Сонымен қатар полиция лейтенанты шенін алады және еңбекақысына қоса әлеуметтік үстемақы төленеді. Бұл туралы Академия басшысы Айдар Сайтбеков Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен кездесуде мәлімдеді.

Ол бүгінде Академия курсанттарды оқытудан бастап, магистратура мен докторантураға дейінгі үздіксіз білім беру негізінде жаңа формациядағы кадрларды даярлау, сондай-ақ полиция органдарының басшы құрамының біліктілігін арттыру және даярлау орталығы болып табылатынын атап өтті.

Білім беруді, құқық қорғау қызметінің озық тәжірибесін біріктіре отырып, Академия қылмысқа қарсы іс-қимыл, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы білімді игеруді қамтамасыз етеді, білім алушылардың оқуы, дене шынықтыруы және бос уақыттарын пайдалы өткізулері үшін барлық жағдай жасайды.

Айдар Сайтбеков курсанттарға берілетін артықшылықтар туралы айтып берді. Курсанттар жатақханада тегін тұрады және тегін тамақпен, нысанды киім-кешекпен қамтамасыз етіледі. Медициналық көмек алады және каникул кезінде тұрғылықты жеріне пойызбен бару және қайту үшін қаражат бөлінеді.

Курсанттар стипендия алады және олардың оқу мерзімі мерзімді әскери қызмет өткеруге теңестіріледі. Толық оқу курсын бітірген әрбір түлекке жұмысқа орналасуға кепілдік беріледі.

Спикер кері байланыс және оқуға түсу бойынша барлық мәселелерді жедел шешу үшін ІІМ Алматы академиясының бекітілген қызметкерлерімен байланыс жасау керек екенін жеткізді.

Академияға түсу ережелері туралы барлық ақпаратты оқу орнының сайтынан (https://apa.gov.kz), әлеуметтік желідегі парақшаларынан  (Facebook: ҚР ІІМ Алматы академиясы, Instagram: akademiya_mvd_rk, Telegram: https://t.me/almaty_academy) және +77057552577 (Айсұлу Қаржаубаева), +77759305588 (Мадина Бейілқызы) байланыс телефондарынан білуге болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале