6.01.2023, 17:45
Оқылды: 95

Киев атысты тоқтатуға келіспеді

Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы атысты 36 сағатқа тоқтатуға бұйрық берді. Мұндай шешімді ол Православтық Рождество мерекесіне орай қабылдаған.

1
Осылайша 10 айдан астам уақыт бұрын басталған қарулы қақтығыс кезінде алғаш рет бітім жарияланып отыр.

Кремль басшысы мәлімдегендей, Украинада ымыра қаңтардың 6-7-сі күндері әрекет етуі керек. Алайда Киев бұл ұсынысты қабылдамады, деп жазады qazaqstan.tv.

Президент Владимир Зеленскийдің сөзінше, Ресей осы үзілісті пайдаланып, Украина әскерінің шығыстағы қарымта шабуылын тоқтатқысы келеді және майдан даласына қосымша жауынгер мен құрал-жабдық жеткізуді көздеп отыр.

Ал АҚШ пен Германия Украинаға «Брэдли», «Мардер» атты брондалған машиналарын беруге келісті. Берлин мен Вашингтон Киевке тағы бір «Пэтриот» батареясын жіберетін болды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале