Дәл қазір облыс әкімдігінде өңір басшысының бірінші орынбасары Ержан Балтаевтың төрағалығымен киік популяциясын реттеу мәселесіне қатысты жиналыс өтіп жатыр.
Жиналысты ашқан облысы әкімінің бірінші орынбасары Е.Балтаев өңірімізде киік популяциясының ұлғаюына байланысты туындаған мәселелерді талқылау мақсатында республикадан тиісті министрліктер өкілдері шақырылғанын атап өтті.
Сонымен қатар бүгінгі жиынның күн тәртібінде қоғам белсенділері, сарапшылармен бірлесе отырып, осы уақытқа дейін киік популяциясы мәселесіне қатысты дайындалған жол картасы, қабылданған шаралар және болашақ жоспарлар қаралатынын айтты.
Жиынға ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Андрей Ким, ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің егіншілік департаменті директорының міндетін атқарушы Айхан Сұлтан, «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамының басқарушы директоры Ерлан Молдашев арнайы шақырылған.
Альфия Шамаева,
Фото: Эльвира Меңдіғали
zhaikpress.kz