1.09.2023, 14:45
Оқылды: 33

Кіші жүзде қанша көтеріліс болды?

Біле жүріңіз!

жп дала

Қазақ тарихында 360-тай ұлт-азаттық көтерілістер белгілі болса, соның ішінде Кіші жүзде болған көтерілістер туралы алғаш ой айтқан Халел Досмұхамбетов еді. Ғалым Кіші жүздегі көтерілістерді төмендегіше тұжырымдады:

«Бірінші, 1785-1800 жылдардағы байұлы Сырым батырдың көтерілісі. Сырым Нұралы ханды тақтан түсіріп қуды. Сырым ақырында жеңілді.

Екінші, 1830-1845-інші жылдары байұлы беріш руынан шыққан Тайманұлы Исатай мен Өтемісұлы Махамбеттің көтерілісі. Көтеріліс жеңілді.

Үшінші, 1850-1860 жылдары әлімұлы шекті руынан шыққан Жанқожа Нұрмағанбетұлы мен Көтібарұлы Есеттің көтерілісі. Есет сұлтан правитель болған Арыстан ханды өлтірді. Есеттің інісі Бекет ұсталды. Жаңқожа орысқа бірігіп, әуелі Қиуа мен Қоқан хандарынан елін құтқарды. Сонан соң орысқа қарсы шықты. 1860-ыншы жылы Жаңқожаны ұстау үшін Орынбор генерал-губернаторы Перовский Ералы ханның немересі Қасымұлы Ермұхамбет төрені жіберді. Осы жорықта табын Байқадам балалары Ақсақал, Сейіт дегендер Жаңқожаны өлтірді. Көтеріліс басылды.

Төртінші, 1869-1870 жылдардағы Орал, Торғай қазақтарының жаңа шыққан дала низамына көнбейміз» деп жасаған көтерілісі. Бұл көтерілісті ғалым «ауа» деп атапты. Бүгінде жоғарыдағы көтерілістің қаншасын білеміз, қаншасы зерделенді, тарихшылар үшін өте құнды ақпарат.

Зұлхожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале