5.03.2022, 17:10
Оқылды: 40

Көгілдір отын мәселесі партияластардың басты назарында болмақ

Кеше өңіріміздегі газ мәселесі және қоғамдық қабылдауларға жауапты өкілдердің дұрыс келмеуі, азаматтарды қабылдау фактілері жөнінде партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті.22EC7155-AA7F-42BD-A6BD-2EAA4F26AE43Отырыстің күн тәртібінде елді мекендерді газдандыру жобаларын іске асырудағы лауазымдық тұлғалары-партия мүшелерінің қызметі, 2021 жылғы жергілікті атқарушы органдардың лауазымдық тұлғалары-партия мүшелерінің партияның қоғамдық қабылдауларындағы жұмысы туралы мәселелер қозғалды.

2021 жылдың қорытындысымен Батыс Қазақстан облысын табиғи газбен қамтамасыз ету 99,2 % немесе 659,5 мың адамды құрап отыр. Аталмыш жоғары көрсеткіш мемлекеттік бағдарламалардың сапалы орындалғандығын, сол арқылы халықтың әлеуметтік әл-ауқатын көтеруге үлкен үлесін қосып отыр. Дегенмен, ағымдағы жылдың 19 ақпанынан бастап облыс тұрғындары табиғи тұрмыстық газ бағасын төмендетуге петиция құрып, оған 8 500 ден аса азаматтар қол қойған. Олардың айтуынша, «ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясы көгілдір отынды көршілес облыстармен салыстырғанда халыққа бірнеше есе қымбатқа сатып отыр. Осыған күйінген тұрғындар отынның осы түрін арзандатуды талап етіп, «AMANAT» партиясына жүгінді. Бағаның еселеп қымбаттауына арадағы делдал кәсіпорындардың кесірі тигенін айтты. Мысалы, Атырау қаласында газдың бір текше метрі 4,7 теңге болса, Ақтөбе мен Ақтауда 10 теңгеге де жетпейді. Ал Оралда бір текше метр газдың құны 16,7 теңге дейді тұрғындар.

Осыған байланысты, белсенді қала тұрғындары Чинарев, Қарашығанақ секілді екі үлкен кеніш бола тұра, көгілдір отынды көршілес мемлекеттерден тасымалдап отырғандығына күйініп, «AMANAT» партиясына көмекке жүгінді.

494F525D-0DFB-4724-B515-A1973A53D0FF

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша "АМАNАТ" партиясы БҚОФ қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Гаухар Шайхиниязова жиын қатысушыларына өз баяндамасын таныстырып, қоғамдық қабылдау бөлмесіндегі өзекті мәселенің бірі екенін атап өтіп, бірқатар құзыретті орган басшыларының есімін атап, тиісті жұмыс атқарылмайтындығын сөзге тиек етті.

Бөлім меңгерушісінің айтуынша, Бөрлі ауданында аудан әкімі орынбасарларының және Ақжайық, Жаңақала аудандарында аудандық мәслихат депутаттарының, сонымен қатар Бөкей Ордасы ауданының полиция бөлімі басшысының регламентке сәйкес, халықпен қабылдау өткізбегендігі белгілі болды. Осы аталған мәселелерге байланысты партиялық бақылау комиссиясы тарапынан тиісті шара қолданылуын сұрады.

ҚР Президенті, партия Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Еститін Үкімет» концепциясын және кешегі өткен кезектен тыс ХХІІ Съездегі партияластардың алдына қойған тапсырмаларын орындау мақсатында партиялық бақылау комиссиясының отырысында аталмыш сұрақтар көтерілді.68E4B3E0-81CC-4066-8CF5-207B37C513EBЖиын өзекті мәселені әлеуметтік желіде көтеріп жүрген қоғам белсенділері, партиялық бақылау комиссиясы мүшелері, қоғамдық қабылдаудың меңгерушісі Г.Шайхиниязова, Энергетика министрлігі мен «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Басқармасынан жауаптылар, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің, Батыс Қазақстан облыстық энергетика және ТКШ басқармасының, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Батыс Қазақстан өндірістік филиалының басшылары, облыстық Полиция департаменті, Білім беру басқармасы, Бөрлі ауданы әкімінің орынбасарлары, Теректі аудандық білім беру бөлімінің өкілдерінің қатысуымен өтті.

Тұрғындардың көтеріп отырған мәселесіне дер кезіңде ашық жауап беру, түсіндірме жұмыстарын жүргізу арқылы қоғамда орын алу ықтималдығы бар резонанстық жағдайлардың алдын-алу шаралары сауатты әрі мәдениетті түрде осындай талқылау алаңдарында өтуі қазіргі таңда өте маңызды.

8B68FF64-C55B-452B-B09E-A7F68C6FCFA1

Жиынды қорытындылай келе, тұрғындар энергетика министрі мен жер қойнауын пайдаланушылардан жағдайды өзгертуін талап етіп, бұл мәселенің оң шешілуіне жәрдемдесу үшін партияға келгендігін жасырмады. Комиссия мүшелері тарапынан барлық ұсыныс-пікірлер жинақталып, мәселенің оң шешілуіне септігін тигізбек. Сонымен қатар, комиссия мүшелері барлық іске асырылып жатырған шаралар жөнінде тұрғындарды хабардар ететіндігін де атап өтті.

Айта кету керек, аталмыш өзекті мәселелер партия алаңында бірінші рет көтеріліп отырған жоқ. Бұған дейін бірқатар тұрғындарды мазалаған сұрақтар көтеріліп, қазіргі кезде Мәжіліс отырыстарында халық қалаулылары арқылы орталық деңгейде қозғалуда.

«AMANAT» партиясы БҚОФ баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале