Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баланың көпсалалы облыстық балалар ауруханасына жеткізілгенін хабарлады.
Диагнозы: көпжарақат, жабық бассүйек-ми жарақаты, ми шайқалу, омыртқаның мойын-кеуде бөлігін, кеуде қуысын ауыртып алған, іш жарақаты. Зақымданудан 1-2 дәрежелі есеңгіреу. Реанимацияда жатыр, - деп хабарлады Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Ақмолалық полицейлер ата-аналарды балалардың қауіпсіздігін қадағалап, қайғылы салдардың алдын алуға шақырды.