31.08.2022, 17:45
Оқылды: 29

Көкшетауда 5 жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

Көкшетауда бес жасар бала көпқабатты тұрғын үйдің төртінші қабатының терезесінен құлап кетті. Бұл туралы 30 тамызда қалалық полиция бөліміне жедел жәрдем фельдшері хабарлады, деп мәлімдейді Zakon.kz.

4b59dbe13764409e9887ef3888d4ce37
Бұл факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу аясында полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтайды, – делінген ҚР ІІМ медиа-порталының сайтында жарияланған ақпаратта.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баланың көпсалалы облыстық балалар ауруханасына жеткізілгенін хабарлады.

Диагнозы: көпжарақат, жабық бассүйек-ми жарақаты, ми шайқалу, омыртқаның мойын-кеуде бөлігін, кеуде қуысын ауыртып алған, іш жарақаты. Зақымданудан 1-2 дәрежелі есеңгіреу. Реанимацияда жатыр, - деп хабарлады Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ақмолалық полицейлер ата-аналарды балалардың қауіпсіздігін қадағалап, қайғылы салдардың алдын алуға шақырды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале