Көптеген мемлекет өздерінің цифрлық валюталарын іс жүзінде сынақтан өткізуге кірісіп те кетті. Бұл туралы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сурет дерек көзі: ҚазАқпарат
«Аталған бағыт – қаржы жүйесінің болашағына деген «футуристік» көзқарас қана емес, сондай-ақ жүзеге асыруға болатын жоба. Көптеген мемлекет өздерінің цифрлық валюталарын іс жүзінде сынақтан өткізуге кірісіп те кетті. Олардың қызметтері үшін экожүйе әзірленіп, құрылып жатыр. Біз институттарымызды жаңа жағдайларға бейімдеуге дайын болуымыз керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.