27.06.2017, 11:55
Оқылды: 109

Қораңызды төрт түлікке толтыруға үлкен мүмкіндік

Jilkii    Жақында облыс әкімі Алтай Көлгінов аудан әкімдері және сала басшыларын жинап, жоспарланған істер мен мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын пысықтау барысындағы жиын өткізді. Облыс әкім биылғы жоспар бойынша 16 мың бас ірі қара бордақылануы керек екенін айтқан болатын.

   Алайда әзірге жоспардың орындалуы көрсетілген мөлшердің үштен біріне ғана жуықтайды екен. Алтай Сейдірұлы бұл олқылықтың орнын толтыруды облыс әкімінің орынбасары Арман Өтеғұловтан бастап, ауданның бірінші басшылары мен олардың орынбасарларынан қатаң талап ететінін жеткізді.


   Бұл жоспарлар қалай жүзеге асып жатқандығын білу үшін БҚО «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамына жолықтық.

   Аталған мекеменің несиелендіру бөлімінің басшысы Азамат Ахметовтың айтуынша облыс бойынша жылдың соңына дейін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 12 мың бас мал бордақылауға және 1800 бас аналық мал алуға несиелендіру жоспарланған. Ал қалған 4 мың бастай ірі қараны «Агро кредит» корпорациясы арқылы несиеленетін болады. Бұл Елбасының «Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында облысымызға 1 млрд. 400 мың теңге ақша бөлінсе соның  800 млн. теңге біздің акционерлік қоғамға түсті. Сондай-ақ 9 мал соятын орын 2 сүт қабылдау пунктын ашу жоспарға енгізілген.

   Маусым айынан бастау алған жаңа бағдарлама арқылы 6 млн. теңгеге дейін шаруа қожалықтар, кәсіпкерлер мен кооперативтер қол жеткізіп, жылдық 6 %-дық өсіммен қайтаратын болады. Мал шаруашылығына атап айтсақ, ірі қара, жылқы, ешкі, қой алып мал санын көбейтуге немесе мал бордақылауды дамытуды несиелендіріп 7 жылға, ал кәсіпкерлік түрлеріне 5 жылға дейін қайтару мерзімі қарастырылған. Тағы бір жағымды тұсы мал шаруашылығында 2 жылға дейін жеңілдік мерзімі де бар болса, кәсіпкерлік саласы бойынша, шаштараз, көлік жөндейтін орындар, ателье, тағы басқа ауылға қажетті кәсіп түрлерін ашып, 6 айға дейін жеңілдік қарастырылған. Тек ақшаны шешкен кезде банктың өзінен ұстап қалатын шағын комиссиясы болады. Одан басқа ешқандай комиссия қарастырылмаған.

   Енді кепілдік жағына тоқтала кетсек, тұрғын үйлерді, жерді, қыстақ, мал қораларын, малдың өзін кепілдікке қоюға болады. Тағы бір тоқтала кететін жәйт, кепілдікті бағалау компаниясы бағалайды. Ауылдық жердегі үйлердің бағасының 50 пайызын берсе, аудан орталығындағы үйлерге 60 пайыз, қаладағы  үйлерге 70 пайызға дейін несие береді.

   Сонымен қатар «ҚазАгро» холдингінің қаржыландыруымен шаруа қожалықтарға тағыда мал бордақылауға және ауылдық тұтыну кооперативтерді дамытуға қолдау көрсетеді. Бұл бағдарламада ауылдық тұтыну кооперативтер малды бордақылауға 4 млн.-ға 9 ай демалысымен, 6 жыл жарымға дейінгі уақытқа несие бере алады. Сондай-ақ модульді мал сою және модульді сүт қабылдау пунктерін салатын болса несиелік қаржы ала алады. Бұны алған кезде кепілдік сұралмайды. Демек, салынып жатқан пункттың өзі кепілдікке қойылады. Бұған қоса 50 пайызын үкімет субсидиялайтын болады. Мысалы сүт қабылдау пункті 5 млн. теңге тұратын болса, 2,5 млн. теңгесін үкімет өтеп береді. Оған қосымша тапсырған сүт литріне 10 теңге, әрбір сойылған мал басына 20 мың теңгеден кооперативтер субсидия алып отырады.

Әділғазы КЕРЕЕВ

Ақпарат орталығы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале