Қазақстанда коронавирус вакцинасын салдыруға қатысты соңғы мәлімет жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram парақшасына сілтеме жасап.
28 желтоқсанда елімізде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін 8 965 031 адам, 2 - ші компонентін 8 488 453 адам салдырды.
Жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды вакцинациялау бойынша ақпаратқа сәйкес, 28 желтоқсанда Pfizer вакцинасының І-ші компонентін 252 758 жасөспірім, 17 963 жүкті әйел, 43 870 бала емізетін әйел салдырды. ІІ-ші компанентті 95 800 жасөспірім, 6 357 жүкті әйел, 16 261 бала емізетін әйел салдырды.