Коронавирусқа қарсы қытайлық вакцина Қазақстанға жеткізіліп жатқан жоқ. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният мәлімдеді.
«Қытай вакцинасы елімізге әлі келген жоқ. Қазақстанға жеткізілген кез келген дәрі-дәрмек немесе вакцина бірінші кезекте министрліктен рұқсат алуы керек. Яғни, преператтар тексеріліп, оның тиімділігі мен қауіпсіздігі назарға алынады. Бірақ қытайлық немесе басқа вакцинаға қатысты барлық өндірушілермен қазір келіссөздер жүріп жатыр», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде.
Айта кетейік, сәуір айында Қазақстанда 2,5 млн доза вакцина болады. Бұдан бұрын хабарланғандай, Алексей Цой соңғы 2 аптада Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, Ақтөбе, Алматы облыстарында науқас саны артып, жалпы КВИ жұқтырғандар 1,5 есе өскенін айтты.
«Халық арасында вирустың қауіптілігіне сенбейтін адамдар бар, олар үйлену тойларын, банкеттерді жеке үйлер мен коттедждерде өткізуді жалғастырып келеді», - деді министр .
inform.kz