26.07.2019, 12:19
Оқылды: 77

Көздіғара жолын көтеру жұмыстары жүргізілуде

 

Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев  Бұлдырты, Көздіғара бағытындағы жұмыстармен танысты.

Syrym kozdigara (3)

Алғашқы сапар Көздіғара ауылына кіре беріс жолды көтеру жұмыстарынан басталды. Сырым мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшысы Руслан Тасқалиев аудан басшысына жұмыс барысын  таныстырды.

Syrym kozdigara (2)

Руслан Болатұлының айтуынша, Көздіғара ауылына кіре беріс жолды көтеру - аудан әкімінің есеп беру жиналыстарында көптің қозғалған  мәселелердің бірі. Жолды көтеру 15 шілдеде басталды, тамыздың 10-дарында аяқталуы тиіс. Жолдың ұзындығы 12 км болса, жол көтеру жұмыстары соның 7 шақырымына жасалады.

Syrym kozdigara (1)

Бүгінде  көтеру, жер жырту, топырақты төсеп, тегістеу жұмыстары жүргізілуде. Оған төрт техника жұмылдырылды. Жүк тиеуші, «МТЗ-100» өз кезегімен жұмыстарын атқаруда. Алдағы уақытта  тағы бір жүк тиеуші мен шынжыр табанды трактор қосылады. Техника құлағында ойнаған жұмысшылардан басқа жауапты бір бригадир бекітілді.

Syrym kozdigara (4)

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале