14.10.2021, 17:26
Оқылды: 69

ҚР Президенті ЕАЭО елдері азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құжатты қабылдауын ұсынды

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құжат қабылдауы қажет. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

211014181011871a3849113i

«Ең алдымен азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі. Бұл проблема жаһандық өзектілікке ие болып отыр. Бүгінде Жер шарының әрбір 10-шы тұрғыны, яғни 700 млн-нан астам адам азық-түлік жетіспеушілігінен зардап шегіп отыр. Әрине, біздің елдеріміздегі ахуал әлдеқайда жақсы. Бірақ, әлемдік баға өсімінің қысымын қазірдің өзінен-ақ нарықтарымыз сезіне бастады. Проблема шиеленісуі жылдан жылға арта түсетін болады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында.

ҚР Президенті бұған жауап ретінде Еуразиялық экономикалық комиссия одақ елдерімен бірлесіп, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ортақ принциптері мен әдістерінің жобасын әзірлегендігін айтты.

«Құжат азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етуге, тапшылық туындау тәуекелдерін төмендетуге, сонымен қатар агроөнеркісіп кешенінде қолданылатын материалдық-техникалық ресурстардың импортты алмастыруына бағытталған іс-шараларды көздейді. Бұл құжатттың маңыздылығын ескере отырып, оны Алматыда өтетін отырыста бекітуді ұсынамын. Құжат жүйелі, іс жүзіндегі өзара іс-қимылға бағытталған және нақты әлеуметтік-экономикалық нәтижелі болу тиіс», - деді ҚР Президенті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале