Жаңаөзендегі авариялық-құтқару жұмысы жалғасып жатыр. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Фото:ҚР ТЖМ
Құтқарушылар үйінділерден тағы үш адамды тірідей алып шықты: ер адам, әйел адам және бір бала.
Қазіргі жағдай бойынша құтқарушылар үйінділердің астынан 4 аман қалған адам мен 3 адамның денесін алып шықты.
Құтқарылғандарды және медициналық көмекке жүгінгендерді қосқанда барлығы 8 адам ауруханаға жатқызылды.
Үйінділерді талдау бойынша жедел жұмыстарға 40-қа жуық техника мен 350-ге жуық адам жұмылдырылды: құтқарушылар, оның ішінде кинологиялық есептоп, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, жергілікті атқарушы органдар, жедел медициналық көмек, полиция, еріктілер