17.04.2023, 11:16
Оқылды: 72

Құтқарушылар үйінділерден тағы үш адамды тірідей алып шықты

Жаңаөзендегі авариялық-құтқару жұмысы жалғасып жатыр. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

IMG_20230417_081940_574
Фото:ҚР ТЖМ

Құтқарушылар үйінділерден тағы үш адамды тірідей алып шықты: ер адам, әйел адам және бір бала.

Қазіргі жағдай бойынша құтқарушылар үйінділердің астынан 4 аман қалған адам мен 3 адамның денесін алып шықты.

Құтқарылғандарды және медициналық көмекке жүгінгендерді қосқанда барлығы 8 адам ауруханаға жатқызылды.

Үйінділерді талдау бойынша жедел жұмыстарға 40-қа жуық техника мен 350-ге жуық адам жұмылдырылды: құтқарушылар, оның ішінде кинологиялық есептоп, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, жергілікті атқарушы органдар, жедел медициналық көмек, полиция, еріктілер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале