13.10.2022, 17:30
Оқылды: 63

"Күзгі карта" алдын алу іс шарасы

Ағымдағы жылдың 13-14 қазаны аралығында Орал қаласы аумағында "Күзгі карта" жедел алдын алу іс шарасы өткізілуде. Аталған іс шараның негізгі мақсаты қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету, көші қон қадағалауын күшейту және құқық бұзушылықтың алдын алу. Бұдан басқа жедел алдын алу іс шарасы барысында іздеуде жүрген тұлғалардың жүрген жерлерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізіледі.

1

Жедел жағдайды жақсарту, қоғамдық орындар мен қала жолдарында қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын кесу және ескерту мақсатында тәртіп сақшылары тәулік бойы күшейтілген режимде қызмет атқарады. Іс шараға учаскелік полиция инспекторлары мен патрульдік полиция баталонының инспекторлары, өзге де құрылымдық бөлініс қызметкерлері жұмылдырылды.

гүл

-Бүгін 13 қазанда таңертеңгі сағат 6 дан бастап қала ішіндегі белгілі тұрағы, мекен- жайы жоқ тұлғалар Орал қ.ПБ қабылдап тарату орталығына жеткізілді. Бұл тұлғаларды дәрігер тексереді. Сонымен қатар, орталыққа жеткізілген тұлғаларға Орал жастары волонтерлер корпусы қолдауымен ыстық тәтті шәй мен жұмсақ тәттілер үлестірілді. «Күзгі карта" іс шарасының бірінші күнінде басқарманың қабылдап тарату орталығына түске дейін 70 тұлға жеткізілді,-дейді Орал қ.ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының міндетін атқарушы полиция капитаны Біржан Жакиев.

"Күзгі карта" ЖАШ ертең де жалғасын табады.

Орал қалалық полиция басқармасы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале