Бүгінде еліміз бойынша кәмелет жасына жетпей жатып, қылмысқа баратындардың саны артқаны байқалады. Мұндай оқиғалардың көпшілігінің бастауында әлімжеттік тұратыны да анықталған. Көбіне бір-біріне күш көрсету оқу-білімсіз жүрген, айналысатын ісі жоқ жасөспірімдердің арасында орын алады деп жатамыз. Бірақ қазіргі таңда түрлі деңгейдегі білім ошақтарының өзінде жасөспірімдердің құқықбұзушылық әрекеттерінің жиілеп кеткендігі алаңдатып отырған жайы бар. Ал жеткіншектеріміздің бесіктен белі шықпай жатып, қылмыскер атануы болашағымыздың бұлыңғыр тартып бара жатқанын көрсетпей ме?
Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің 2021 жылғы 15 маусымдағы №48 санындағы журналист Ләззат Шағатайдың «Қылмыскер бала қайдан шығады?» атты мақаласында.
zhaikpress.kz