14.02.2017, 16:59
Оқылды: 57

Қысқы маусымда көкөніспен 8 жылыжай қамтуда

Орал қаласы аумағында былтыр жалпы сомасы 8 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілген. Бұл 2015 жылғы көрсеткіштен 2 есе көп. Бұл жайлы бүгін Орал қаласының әкімі Нариман Төреғалиевтің халық алдындағы есеп беруінде айтылды.


Былтыр 6 мың гектар дәнді дақылдар егіліп, 13,6 ц/га-дан 8 мың тонна өнім жиналып, 2015 жылмен салыстырғанда 13 есеге өсті.

«Кублей», «Жайық ет», «Родник» және Желаев нан комбинаты елімізде өзіндік брендке айналды.  Бұлар сапалы өнімдермен Қазақстанды, алыс және жақын шет елдерді қамтамасыз етуде.

Қала тұрғындар санының өсуіне байланысты көкөністі тұтыну мөлшері де ұлғайған. Бүгінде Оралда жалпы сыйымдылығы 14 мың тонна болатын 11 көкөніс қоймасы жұмыс жасауда. Сондай-ақ қаланы қысқы уақытта көкөністермен қамтамасыз ету мақсатында 8 жылыжай кешені жұмыс істеп отыр.

«Қала аумағындағы ауылдарда жалпы көлімі 100 мың шаршы метр болатын 3 жылыжай салу жоспарлануда» дейді Орал қаласының әкімі Нариман Төреғалиев.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале