27.12.2021, 13:00
Оқылды: 12

Қытайда COVID-19-бен ауырғандар саны артты

Қытай 21 ай ішіндегі жергілікті жағдай бойынша COVID-19 жұқтырғандар саны артқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

photo_91698

Қытайда күнделікті тіркелетін жағдай саны 158-ге жетті, бұл - 2020 жылдың басындағы індетпен күрес жұмыстары қалыпты болғаннан бергі ең жоғары көрсеткіш. Солтүстік-батыстағы Сиань қаласында вирус жұқтырғандар саны артуына байланысты жағдай нашарлады, бұл - коронавирус инфекцияcын жұқтырғандар саны артқан кейінгі басты ошақ.

Ресми мәлімет бойынша, 13 миллион халқы бар қалада күніне 155 жағдай анықталды, 75-і бір күн бұрын тіркелген. Сиань билігі омикрон штамы жоқ екенін айтты, дегенмен Қытай билігі халықаралық саяхатшылар арасында және оңтүстік Қытайда жаңа штамм жұқтырған жағдайлар бар екенін мәлімдеді.

Жергілікті жағдайлардан басқа, Қытайда күніне 48 жағдай тіркеледі. Сенбідегі жағдай бойынша елде 101 077 коронавирус ауруы тіркелген.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале