27.10.2021, 9:28
Оқылды: 19

Малайзия 15 қарашадан бастап туристер үшін Лангкави аралын ашады

Малайзия билігі Лангкавиде "туристік көпіршіктің" (Travel Bubble) ашылу күнін шешті. Шетелден вакцинацияланған саяхатшылар курорттық аралға 15 қарашадан бастап келе алады. Бұл туралы bernama.com басылымы жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

photo_88774

Қазанның басында Малайзия Үкіметі COVID-19 жағдайы жақсы елдерден келген вакцина салдырған туристер үшін шекараны ашу жоспарларын қарастырды. Енді барлық мемлекеттің тұрғындары Лангкавиге кіруге рұқсат берді.

Алайда, демалысты брондау кезінде саяхатшылар Малайзияның туризм министрлігінде аккредиттелген туристік компаниялардың қызметтерін пайдалануға мәжбүр болады.

"Агенттер сапарларды ұйымдастырады және егер олардан коронавирус анықталса, өз клиенттері үшін жауап береді", – деп түсіндірді Малайзияның туризм, өнер және мәдениет министрі Нэнси Шукри.

Вакциналау туралы сертификаттан басқа, Малайзия шекарасынан өту кезінде кіруден 72 сағат бұрын жасалған ПТР-тестінің теріс нәтижесі қажет болады. Сондай-ақ, қонақүйді кем дегенде 3 түнге брондау, сонымен қатар 80 мың доллардан бастап сақтандыру керек.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале