30.03.2024, 20:35
Оқылды: 55

Мәжіліс депутаты: "Комиссия мүшелері қазірден бастап ағымдағы шығын жұмыстарын жасау қажет "

Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Нартай Сәрсенғалиев пен Сергей Пономарев Батыс Қазақстан облысына барып, су тасқынынан зардап шеккен Теректі ауданы Аңқаты ауылының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды «AMANAT» партиясы БҚОФ баспасөз қызметі.

Су Теректі 2024

«Барлық үйді комиссия мүшелері тарапынан су кеткеннен кейін емес, қазіргі ағымдағы жағдайды есептеу үшін аудан әкімдігімен бірге жұмыстанатын боламыз. Жағдай толықтай тұрақталғанша бақылауда ұстайтын боламыз», – деді Нартай Сәрсенғалиев.

IMG-20240330-WA0002

Су Теректі 2024

Айта кетейік, облыста 455 үйді су басқан, 22 ғимарат су астында қалған. Зардап шеккен тұрғындар эвакуациялау орталықтарына орналастырылып, ыстық тамақпен, киім-кешекпен қамтамасыз етілуде.

25 наурыздан облыс бойынша 529 мың текше м. еріген су сорылып, 53930 дана инертті материалдармен қаптар төселсе де, ағын су әлі де қауіп төндіріп отыр. Қардың еруі және жауын-шашынның салдарынан 17 әлеуметтік және мемлекеттік маңызы бар нысанның (Орал қ. – 13, Бәйтерек ауд. – 2, Теректі ауд. – 2) және 5 көп қабатты тұрғын үйдің (Орал қ.) жертөлесін, сондай-ақ 460 жеке тұрғын үйді және 99 тұрғын үйдің ауласын су басқан.

Қазір Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласы мен 4 ауданында (Қаратөбе, Сырым, Бөрлі, Теректі) төтенше жағдай жарияланды.

Батыс Қазақстан облысының Ақжайық, Жәнібек, Теректі, Сырым, Қаратөбе, Шыңғырлау, Бөрлі, Казталов аудандарындағы 17 автожолдың (облыстық – 3, аудандық – 14) 37 учаскесінде су басу және 8 учаскесінде (облыстық – 2, аудандық – 6) су шаю фактілері тіркелді.

IMG-20240330-WA0004

Қазіргі уақытта 4 ауданның 17 елді мекенімен жол қатынасы үзіліп отыр.

Анықтама ретінде: Теректі ауд. Дуана ауылы, Сары өмір ауылы, Шалқар ауылы, Рыбцех ауылы, Анқаты ауылы, Бозай ауылы, Сатымшеген ауылы. Сырым ауд. Қызылағаш ауылы, Қаратөбе ауд. Сұлукөл ауылы, Үш ана ауылы, Төлен ауылы, Темірбек ауылы, Қосбаз ауылы, Аққозы ауылы, Ақтайсай және Қоржын ауылдары, Шыңғырлау ауд. Ақтау ауылы.

IMG-20240330-WA0006

Жапа шеккен адамдарға материалдық көмек көрсетіліп, су тасқынының алдын алу шараларын күшейту жолдары қарастырылып, зардап шеккен тұрғындардың үйлерінің шығын адал есептеу үшін арнайы комиссияның жұмысы қадағалатынын жеткізді Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев.

IMG-20240330-WA0010

Мәжіліс депутаттарының іссапары жалғасады. Ертең олар Қаратөбе және Сырым ауданындағы суға кеткен ауылдарға жолға шығады.

zhaikpress.kz 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале