30.03.2022, 10:00
Оқылды: 41

Мәжіліс депутаты Мұхтар Ерманның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұхтар Ерманның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220106182928125e

«ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұхтар Ерман міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш берді. Осыған орай Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы сіздердің назарларыңызға ҚР Конституцияның 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңның 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес, Мәжіліс депутаты В. Имтахуновичтің өтініш беруіне байланысты оның өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шеші үшін ұсыным енгізіп отыр», - деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов.

Бұл ұсынымды депутаттар бірауыздан қолдап, Мұхтар Ерманның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале