2.08.2023, 11:45
Оқылды: 62

«Мектепке жол» республикалық акциясы басталды

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасына сәйкес, оқушылардың мектепке баруын толық қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын «Мектепке жол» республикалық акциясы өтеді. Биыл аталған акция 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Жақсылық жаса» ұранымен ұйымдастырылады.

2019_08_06_5b5efd56759d7

Орал қаласы әкімдігінің хабарлауынша, өткен оқу жылында 2593 оқушыға 48 млн теңгеге көмек берілген.

Бұл қаржының 37 млн теңгесі бюджет қаражатынан болса, 11 млн теңгесі бюджеттен тыс қаражат. Жаңа оқу жылында 6000-нан астам бүлдіршін қала мектептерінің табалдырығын аттағалы отыр.

Қоғамның қайырымдылық әлеуетін жұмылдыру арқасында қаламыздың көмекті қажет ететін балалары ілтипат пен қамқорлыққа бөленіп, олардың қажетті әлеуметтік жағдайының жақсаруы үшін, білім алуы үшін даяр болуына демеу болмақшы қала тұрғындары мен қонақтарын білім беру бөліміне (Н.Назарбаев даңғылы, 145 үй, тел.: 50-38-79) және қала мектептеріне жолығуға болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале