21.08.2026, 20:30
Оқылды: 121

Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай сайлауы қарсаңында отандастарға үндеу тастады

Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа бірпалаталы Құрылтайдың алғашқы сайлауы қарсаңында отандастарға үндеу жасады.

photo_5208807878871950152_y

Фото: aqorda_resmi

Президент бұл науқанды ұлт тағдырына тікелей әсер ететін тарихи оқиға деп атап, еліміз бірлік пен келісімнің арқасында Әділетті Қазақстанды құру жолында ауқымды реформаларды жүзеге асырғанын атап өтті. Мемлекет басшысы партиялардың тиісті деңгейде дайындалуы үшін сайлау күні ертерек хабарланғанын атап өтіп, үгіт-насихат науқанының мазмұнды, ашық, бәсекеге толы әрі өркениетті сипатта өткеніне тоқталды. Теледебаттар мен қоғамдық пікірталастар арқылы азаматтар саяси ұйымдардың бағдарламаларын мұқият зерделеуге мүмкіндік алды.

Президент сайлауалды науқан елдегі қоғамдық күн тәртібінің өзгергенін, жаңа тұлғалар мен ұтымды ұсыныстардың пайда болғанын және халықтың саяси мәдениеті артқанын айқын көрсеткенін жеткізді.

Мемлекет басшысының айтуынша, дауыс беру қорытындысы бойынша Құрылтайға кәсіби мамандар мен отаншыл азаматтар сайланып, ол ел жаңғыруына тың серпін беретін біртұтас алаңға айналуы тиіс. Жаһандық сын-қатерлер күшейген кезеңде ұлттық стратегияны табысты жүзеге асырудың маңызы зор. Осы ретте Президент барша азаматтарды, әсіресе жастарды сайлауға белсене қатысып, ел келешегі мен Қазақстанның табысты дамуы үшін саналы таңдау жасауға шақырды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале