8.02.2023, 11:31
Оқылды: 39

Мемлекет басшысы Қазақстандағы Түркия елшілігіне барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігіне барып, бауырлас елдің оңтүстік-шығысында болған алапат зілзала салдарынан мыңдаған адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты. Сондай-ақ Қазақстанның жан-жақты қолдау көрсететінін жеткізді, деп хабарлайды Ақорда.

22F81065-DE6B-44A7-B31A-E22046853D71

Президент көңіл айту кітабына жазба қалдырды.

– Түркияда болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көп адамның қаза болуы баршамыздың қабырғамызды қайыстырды. Қазақстан халқының және жеке өз атымнан түрік бауырларымызға көңіл айтамын, - деп жазды Мемлекет басшысы.

AE5154D5-EEDF-4F38-91D0-DB52451FA0D5

C6F5C545-8782-4C96-AA88-15BBA19F7AF7

52A969DA-0BF7-44C0-A3BE-0D35DD021636

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале