27.06.2024, 15:15
Оқылды: 114

Мемлекет басшысы журналистика және телевизия саласы мамандарын марапаттады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің журналистика және телевизия саласының дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

04A78D5B-1F9F-4C55-86B3-24AEACB0B484

Мемлекет басшысының 2024 жылғы 25 маусымдағы №153 өкімімен

Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығы:

1. «Казахстанская правда» республикалық газетінің бас редакторы – Сәбит Ғалымұлы Малдыбаевқа;

2. «Turkistan» халықаралық газетінің бас редакторы – Бауыржан Бабажанұлы Өтеулиевке;

3. «Интерфакс-Қазақстан» ақпараттық агенттігі» ЖШС бас редакторы – Елена Андреевна Преображенскаяға;

4. «Astana aqshamy» республикалық қоғамдық-саяси газетінің шеф-редакторы – Төлен Зәрубайұлы Тілеубайға берілді.

66397AA4-94EB-40BC-8EF2-B5524DF88C0B

Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы гранты:

1. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы «Ақорда» бағдарламасының авторы-продюсері – Ақерке Бағдабекқызы Бектасқа;

2. «Хабар» агенттігі» АҚ арнайы тілшісі – Динара Киікбайқызы Жанбатыроваға;

3. «Jibek joly» телеарнасының тілшісі – Әнуар Әлиұлы Кәрібозовқа;

4. «Орал өңірі» газеті бас редакторының орынбасары – Гүлсезім Ерболатқызы Бияшеваға тапсырылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы Алғысы:

1. «24KZ» телеарнасының шығармашылық ұжымына;

2. «Литер» республикалық қоғамдық-саяси газетінің шығармашылық ұжымына;

3. «Baqkz» ақпараттық агенттігінің шығармашылық ұжымына;

4. «Ақтөбе» облыстық қоғамдық-саяси газетінің шығармашылық ұжымына жарияланды.

6DAF38BA-48C4-4145-A2A0-EED634F52E70

9EE245E4-D2B5-4FAB-A615-A91D2675BD83

027BB733-C5A2-49E8-ADB2-E45F401A4987

D08C3A4B-B1CD-4699-A0E3-A7FDB274553A

0988CA52-59B5-4AF2-B707-6F25E070C564

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале