«Аmanat» фракциясының төрағасы Президент қол қойған ойын бизнесі мәселелері туралы жаңа заңға қатысты пікірін білдіріп, 280 мыңға жуық мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне құмар ойындарын ойнауға шектеу қойылатынын айтты. Бұл туралы Ұлттық арна жазды.
Фото: Ұлттық арна
«Заң нормаларына сәйкес, мемлекеттік қызметкерлерге құмар ойындардың кез келген қызметі – букмекерлік кеңселер, казинолар және онлайн казинолар шектелетін болады. Осылайша, жалпы саны 280 мыңға жуық адамды құрайтын әскери қызметкерлер, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың басшылары құмар ойындарға қатыса алмайды. Заңды бұзған жағдайда оларды жұмыстан босатуға дейінгі қатаң шаралар қолданылатын болады», - дейді депутат.