8.12.2022, 17:15
Оқылды: 190

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы қорытындыланды

Бүгін «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңі қорытындыланып, жүлдегерлер марапатталды. Салтанатты кешке БҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов қатысты.

1 (185)

«Мерейлі отбасы» байқауына барлық ауданнан отбасылар қатысқан. Солардың ішінен мықтылар таңдап алынған. Байқау қорытындысы бойынша бірінші орын Казталов ауданынан келген Халықовтар отбасына бұйырды.

Екінші орынды жаңақалалық Сахметовтар отбасы иеленсе, үшінші орынды Сырым ауданынан келген Сүйінішқалиевтар отбасы иеленді.

Байқауға қатысқан барлық отбасы мүшелері арнайы сыйлықтармен марапатталды.

1 (18)

Жүлделі орын алғандарға 750 мың мен 1 500 млн. теңге көлемінде қаржылай сыйлық табыс етілді.

Жанат Көшкінбай,

Фото авторы: Эльвира Меңдіғали

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале