5.07.2018, 17:35
Оқылды: 48

Мерекелік марапаттар табысталды

36698454_190246961648746_1625996552940027904_n Астананың 20 жылдығына байланысты облыстық актив отырысы өтті. Жиында облыс әкімі Алтай Көлгінов түрлі сала ардагерлері мен өнер қайраткерлерін, үкіметтік емес ұйым төрағалары мен облыстық ассамблея мүшелері, кәсіпорын басшыларын «Астанаға – 20 жыл» мерекелік медалімен марапаттады.


– Елордамызды Сарыарқа төріне көшіру туралы қабылданған шешімнен бастап, бас қаланың қалыптасуы және 20 жылдық тұтас даму кезеңі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тікелей әрі тығыз байланысты. Тәуелсіз Қазақстанды татулық пен бейбітшіліктің орталығы дейтін болсақ, Астана – оның алтын бесігі. Астана Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы басшыларының саммитін, бірнеше рет әлемдік және дәстүрлі дін басшыларың съезін өткізіп келеді. Халықаралық «ЭКСПО – 2017» көрмесін абыроймен ұйымдастырды. Қысқы Азия ойындары мен спорттың түрлі шараларын өткізді. Сирия қақтығысының түйінін 7a3b4189-2674-43a7-b349-923b5b5a450fтарқату мақсатында алпауыт мемлекет өкілдері бас қосқан мекенге айналды. Бүгін Астана халықаралық қаржы орталығының ашылу салтанаты өтті.

20 жылда Астана құрылысына бюджеттен 2,3 трлн. теңге бөлінгенімен, ол қаржы ел қазынасына, шамамен, 7 трлн. теңге болып құйылған. Яғни қаланың дамуына салынған мемлекеттің қаржысы үш есе артығымен қайтарылды. Астана тұрғындарының саны жиырма жылдың ішінде 3,5 есе өсіп, қазіргі кезде 1 миллионнан асқан.

Бүгінде еліміздің саяси-экономикалық қана емес, мәдени, рухани жүрегі атанған елорда Қазақстанның барлық өңірлерінің басты қозғаушы күші болып, өңірлердің дамуына да серпін беріп келеді. Мемлекет басшысы 36700086_190246981648744_4276806516415135744_n«Өңірлердің дамуы – елдің дамуы» екенін атап өтті. Облыстағы шалғай елді мекендерде «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» бағдарламалары ауқымында таза ауыз су, баспана, білім беру және денсаулық сақтау нысандары бой көтеріп жатқанын айтты. 20 жыл ішінде облыс экономикасына 4 трлн. теңгеге жуық инвестиция тартылған, 4 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 1800 шақырым жол жөнделген.

Президент биылғы Жолдауында облыс орталықтары Астанадан үлгі алу керектігін атап өтті. Жыл сайын көркейіп келе жатқан шаһарымыз, облыс орталығы Орал қаласы әрдайым елорданы үлгі етеді. Астананың көркеюіне батысқазақстандықтардың қосқан үлесі зор. 20 жылдық мерейтой қарсаңында күні кеше Елордамыздың төрінен батыр апамыз Мәншүк Мәметованың еңселі ескерткіші бой көтеріп, «Ақжайық» тынымбағы пайдалануға берілді. Елбасы ризашылығын білдіріп, өңірге алғысын жеткізді. Мемлекет басшысы өз сөзінде «Астаналықтар бұл нысандарды дайындауға атсалысқан барлық 36556882_190247141648728_2478705117776314368_nөңірлерімізге алғыс айтуға тиіс. Елордада барлық өңірден келген азаматтар тұрады. Бас қаланы бүкіл ел болып тұрғыздық және бүкіл ел қуанышқа кенелуі керек», – деп атап өтті. Өңірлердің Елордамызға тартуы – көпұлтты еліміздің ішкі бірлігінің мықты екенін көрсетті. Бұл – біздің шын мәнінде қуатты, унитарлы әрі біртұтас ел екеніміздің дәлелі, – деді облыс әкімі Алтай Көлгінов.

Облыс активі отырысында «Астанаға – 20 жыл» медалімен марапатталған Қазақстан Жазушылар одағының облыстық филиалының төрайымы, ақын Ақұштап Бақтыгереева, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әнші-термешісі Сәуле Таудаева, «Вайнах» шешен-ұңғыш мәдени-ағарту қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы Данилбек Саратов сөз алып, елорда мерейінің асқақтауы – ел бірлігінің нығаюының кепілі екенін айтты.

Нұртай АЛТАЙҰЛЫ

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале