16.11.2021, 14:40
Оқылды: 107

Meta-ның үстінен 100 миллиард доллар өндіріп алу туралы арыз түсті

АҚШ-та Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріне иелік ететін Meta компаниясы үстінен 100 миллиард доллар өндіріп алу туралы арыз түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Огайо бас прокурорының сайтына сілтеме жасап.

7

Сотқа шағымды Огайо штатының прокуратурасы компания мен мемлекеттік зейнетақы жүйесіндегі инвестор атынан Facebook-тің балаларға арналған алгоритмдеріне байланысты берген.

"Facebook басшылығы балаларға қамқорлық жасап, Желідегі кемсіту сипатындағы ақпаратты жойып жатқанын айтты, бірақ шын мәнінде олар өз пайдасы үшін, пайдаланушыларды бөліп тастады", - деді Огайо бас прокуроры Дэйв Йотс.

Талап арызда компания басшылығы биыл 29 сәуірден 21 қазанға дейін пайда табу үшін федерал заңды бұзып, кәмелетке толмағандарға ақпарат теріс әсер етуі мүмкін екенін айтып, жұртшылықты жаңылыстырды деп мәлімдейді. Талапкерлер шығынды өтеп қана қоймай, Meta басшылығынан инвесторларды шатыстырмас үшін шара қолдануды талап етіп отыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале