8.09.2023, 12:22
Оқылды: 28

Миржан Сатқанов оралдықтарды Қала күнімен құттықтады

Дәл қазір Ғарифолла Құрманғалиев атындағы филармонияда мерекеге орай қала әкімінің салтанатты қабылдауы өтуде. Қабылдауға зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, ардагерлер мен мемлекеттік қызметкерлер қатысуда.

84106901-4C15-45BF-83B1-77F25CC67181

 

 

Шаһар басшысы Миржан Сатқанов оралдықтарды Қала күнімен құттықтады.

«Орал – сан ғасырдың куәсі, қойнауы ырыс пен құтқа толған, топырағынан талай тарлан тұлғаларды түлеткен қасиетті мекен. Орал – жарқын бастамалар мен тың жаңалықтарға негіз болған, табиғаты сұлулығымен астасқан әсем қала. Үш өзеннің тоғысында жатқан шаһар бүгінде заманға сай дамып, өркендеп-өсуде.

Жылдағы дәстүрге сай қыркүйек айында көне шаһарымыз «Қала күнін» атап өтеді. Мерекелік шараларымызға Әзірбайжан Республикасының бауырлас Мингечаур қаласынан және еліміздің Ақтөбе, Атырау қалаларынан арнайы қонақтар келіп қатысуда. Сіздерге ерекше ризашылығымды білдіргім келеді, Ақ Жайық өңіріне қош келдіңіздер!

Шаһарымыздың басты мерекесіне орай қаланың барлық аудандарында мәдени-рухани, спорттық іс-шаралар легі өтуде. Шаһар мерекесіне орай бірқатар жаңа нысандарды пайдалануға береміз.
Жыл сайын жоғары деңгейде өткізілетін «Қала күні» мерекесін Орал шаһары толайым табыстармен қарсы алуда. Қала халқы жыл санап өсуде. Сәйкесінше қаланың аумағы да артып, жаңа шағын аудандар салынуда. Өздеріңізге мәлім, қаланың батыс бөлігінде жаңа «Ақжайық» шағынауданы бой көтеруде. Мұнда 100-ден аса көппәтерлі тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттар салынады. Қазіргі уақытта шағын ауданда құрылыс қарқынды жүруде. Шаһардың солтүстік-шығыс бөлігі мен Зашаған кентінде де мемлекеттік бағдарламалар арқылы бірқатар үйлер салынуда, - деді қала әкімі.

5F60FCAE-DFFF-4B64-81C8-3828025C7911

 

Сонымен қатар ол оқушылардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасау мақсатында қалада екі мектептің құрылысы басталғанын атап өтті. Жалпы 2025 жылға дейін «Жайлы мектеп» жобасы аясында Оралда жаңа 10 мектеп салынбақ.

«Жолдың сапасын арттыру мәселесіне де көңіл бөлудеміз. 2022 жылы қаланың 30-ға жуық көшесіне асфальт салынса, биыл жалпы ұзындығы 76 шақырымды құрайтын 66 көшеге жол салынуда. «Аулаларды кешенді абаттандыру» бағдарламасымен өткен жылы 31 аула аумағы абаттандырылды, биыл 40-қа жуық аула жаңа кейіпке енбек. Қала тұрғындарының таза ауада серуендеп, тынығуына қолайлы жағдай жасауды жалғастырудамыз. Өткен жылы «Жасыл желек жолы» бульварын пайдалануға берсек, қазіргі уақытта қаланың әртүрлі аудандарынан үш жаңа демалыс орнының құрылысы жүргізілуде. Оралда бірнеше кәріз-сорғы станцияларын реконструкциялау, жаңа жылыту қазандықтарын салу жұмыстары қарқын алды. Жолаушыларға қолайлы жағдай жасау үшін қоғамдық көлік қызметі жаңа автобустармен толығуда. Мәдениет, спорт салаларында да тың жобалар бар. Жуырда шаһардың 10-шағынауданында көпбейінді спорт аренасының құрылысы басталды. Зәулім спорт аренасының жоғары деңгейдегі жарыстарды қабылдауға әлеуеті жеткілікті болады. Жалпы, қаламызда халқымыздың әлеуметтік жағдайына тікелей әсер ететін бірқатар инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асуда, - деді Миржан Мұнайдарұлы.

BE4E9600-5172-4652-9A2F-AC068498D36B

«Бұл – барлығымыздың қоян-қолтық еңбегіміздің, бірауыздылық пен татулығымыздың, жаңа белестерге ұмтылысымыздың нәтижесі. Шаһарымыздың шырайын кіргізетін игі істер алдағы уақытта да атқарыла бермек. Қала күнімен баршаңызды құттықтаймын!» - деп сөзін түйіндеді ол.

Әкімнің мерекелік қабылдауы өңірге белгілі азаматтарды «Орал қаласының құрметті азаматы» атағымен марапаттаумен жалғасуда.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале