4.10.2019, 15:21
Оқылды: 86

М.Шолохов музейіне 40 жыл

Рухани жаңғырудың басым бағыттарының бірі – Отан тарихына құрмет. Осы мақсатта Жәңгір хан университетінің экономика, ақпараттық технологиялар және кәсіби білім беру институтымен политехникалық институтының бірінші курс студенттері  Бәйтерек ауданы Дариян ауылындағы жазушы М.А.Шолоховтың музей кешенінде болып қайтты.

IMG_0016

Тілдерді дамыту орталығының оқытушылары М.Бимуханова мен Р.Макулова жетекшілік жасаған экскурсия кезінде кешен директоры А.И.Мурзина музей тарихы мен қоса ұжымның бүгінгі жетістіктерін де баяндады.

1979 жылы М.Шолоховтың досы, жазушы Н.Корсуновтың бастауымен ашылған музей үлкен кешенге айналып үлгерді. Мемориалды үйде сурет галереясы, күз кезінде Оралда болған ақын А.Пушкинге арналып жасақталатын күзгі көрме, арнайы мәжіліс залы, табиғат, археология және этнография бөлімі де бар. Жалпы саны 6 экспозициялық залдан тұратын кешенде әдеби-өлкетану үйірмесі жұмыс жасайды. Студенттер Дариян ауылындағы мектеп оқушыларының жазушының «Тынық Дон» романынан театрландырылған үзіндіні де қызығушылықпен тамашалады.

IMG_0007

Музейдің 40 жылдығында тілдерді дамыту орталығы оқытушылары бірнеше жылға жалғасқан іскерлік қарым-қатынасқа алғысын айтып, кешеннің мерей тойына құттықтау хатын ұсынды.

IMG_0004

Жайнагүл Сағидоллақызы

Жәңгір хан атындағы

 БҚАТУ-дың медиа-орталығының маманы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале