21.04.2023, 17:54
Оқылды: 110

НАТО Украинаға 55 млрд доллар көлемінде әскери көмек көрсетті

Әскери қолдаудың құны 10 есе өскен.

НАТО елдерінің Украинаға көрсеткен әскери көмегінің көлемі 55 миллиард долларды құрады. Бұл туралы АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин Рамштайн қаласында өтіп жатқан Украина бойынша байланыс тобының кезекті отырысы алдында айтты.

644250309719e984556443

НАТО-ның Украина бойынша байланыс тобының мүшелері соғыс басталғалы бері Украинаға 55 миллиард доллар көлемінде әскери көмек көрсетті, - деді Ллойд Остин.

Сондай-ақ ол Солтүстік Атлантикалық альянстан Киевке қару-жарақ пен басқа да әскери қолдау түрлерін жеткізу құны соғыс басталғаннан бері 10 есе өскенін атап өтті.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ресейде «Вагнер» жасағының құрамына кірген қазақ студенті видеоүндеу жасағанын хабарлаған болатынбыз.

halyq-uni.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале