Оралдағы NIS-те үшінші жыл қатарынан жүзеге асып келе жатқан «Ақжайықтың ардақты аналары» жобасының биылғы басты кейіпкерлері – еліміздің өркендеуіне үлес қосып жүрген белгілі жерлестерімізді дүниеге әкелген жандар.
Самбодан төрт дүркін Әлем чемпионы Ерболат Байбатыровтың анасы Муслима Ескендірова, белгілі журналист Мейіржан Әлібекұлының анасы Роза Халесова, танымал сатирик Тұрсынбек Қабатовтың анасы Талиға Мамбетова және тағы басқа абзал аналар ұрпақ тәрбиесі, өмір сабақтары туралы сыр шертті.
Тәрбие сағаттарынан кейін зияткерлер құрметті меймандарға концерттік бағдарлама ұсынды. Бүгінгі оқушылар болашақта танымал тұлғаға айналып, олардың да ата-анасы «Ақжайықтың ардақты аналары» атты жобаның қадірменді қонағы болатынына сеніміміз мол.
Айдана Хамидуллина, Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы